Бап. Қаржылық есептiлiк элементтерiн бағалау және есепке алу

1. Қаржылық есептiлiк элементтерiн бағалау - аталған элементтер бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiкте танылатын және тiркелетiн ақша сомаларын анықтау. Бағалауды қолдану әдiстерi мен тәртiбi халықаралық стандарттарға, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандартқа және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi.

2. Қаржылық есептiлiк элементтерiн есепке алу әдiстерi және тану тәртiбi халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Бап. Қаржылық есептiлiк

1. Қаржылық есептiлiк дара кәсiпкердiң немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпаратты бiлдiредi.

2. Мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiгiн қоспағанда, қаржылық есептiлiк мыналарды қамтиды:
1) бухгалтерлiк баланс;
2) пайда мен зияндар туралы есеп;
3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
4) капиталдағы өзгерiстер туралы есеп;
5) түсiндiрме жазба.
Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға, шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің көлемі, оны жасау нысандары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.

4. Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы және бас бухгалтері, дара кәсіпкер қол қояды.
Бухгалтерлік есебін бухгалтерлік ұйым немесе кәсіби бухгалтер жүргізетін ұйымның қаржылық есептілігіне оның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлік ұйымның басшысы немесе кәсіби бухгалтер қол қояды.
Бұқаралық мүдде ұйымының қаржылық есептілігіне басшылық және кәсіби бухгалтер болып табылатын бас бухгалтер қол қояды.
Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Бап. Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары

Қаржылық есептілікті жасауды ұйымдар Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары қорынан оларды ресми аударуға және (немесе) Қазақстан Республикасында жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым қазақ немесе орыс тілдерінде жариялаған халықаралық стандарттарға және шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


2713981592658372.html
2714011874027473.html
    PR.RU™